Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Вьетнамда су тасқынынан қаза тапқандар саны 72 адамға жетті

Әлем
Вьетнамда су тасқынынан қаза тапқандар саны 72 адамға жетті
Фото: видеодан скрин

Ресми мәлімет бойынша, табиғи апат кезінде 13 адам із-түзсіз жоғалған, деп хабарлайды Malim.kz.

Құтқару топтары Дак Лак, Кхань Хоа және Лам Донг провинцияларында іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Вьетнамның Құрылыс министрлігі 33 жолаушылар пойызының жұмысы тоқтатылғанын, ал теміржол желісінің бірнеше бөлігінде қозғалыс уақытша шектелгенін мәлімдеді.

Алдын ала есеп бойынша, су тасқынынан келтірілген экономикалық шығын шамамен 9 триллион вьетнам донгын (358 млн АҚШ доллары) құрайды.

Инфрақұрылым, тұрғын үйлер мен ауыл шаруашылығы нысандарына елеулі зиян келген.

Билік табиғи апат салдарын жою жұмыстары жалғасып жатқанын, жоғалғандарды іздеу шаралары күшейтілгенін хабарлады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу