Шығыс Қазақстан облысында аудандық сот WhatsApp мессенджерінде жала жабу фактісі бойынша істі қарады. Сот алдына облыстың Тарбағатай ауданының тұрғыны тартылды, деп хабарлайды Malim.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Сот 2025 жылғы 17 қазанда әйелдің WhatsApp-тегі топта ауданның бас дәрігерінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін, көрінеу жалған ақпарат таратқанын анықтады.
Айыпталушы өз кінәсін мойындамады. Алайда оның кінәсі WhatsApp мессенджеріндегі хабарламалардың көшірмелерімен, сондай-ақ хабарламаларда жәбірленушінің ар-намысы, қадір-қасиеті мен іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтер бар екенін растаған сарапшының қорытындысымен дәлелденді.
Аталған баптың санкциясы жеке тұлғаларға 180 айлық есептік көрсеткіш (2026 жылы – 778 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салуды немесе 20 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуды көздейді.
Нәтижесінде сот әйелді кінәлі деп танып, оның зейнеткер екенін ескере отырып, айыппұл көлемін 30 пайызға қысқартты. Енді ол 495 432 теңге төлеуі тиіс.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетейік, біз бұған дейін қазақстандықтар WhatsApp-сыз қалуы мүмкін екені жайында жазған едік.