Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Халықаралық бақылаушылар Алматыдағы референдумның ұйымдастырылуына жоғары бағалады

Саясат
Халықаралық бақылаушылар Алматыдағы референдумның ұйымдастырылуына жоғары бағалады

Бүгін ТМД елдерінен келген халықаралық бақылаушылар делегациясы Д.Снегин атындағы №30 мектеп-гимназиясында орналасқан №383 сайлау учаскесіне барды. Байқаушылар АЭС-ті салу мәселесі бойынша дауыс беру процесі Қазақстан заңнамасына толық сәйкес жүріп жатқанын атап өтіп, оның ұйымдастырылуына жоғары баға берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәлімдеуінше, бақылаушылар арасында Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан елдерінен аккредиттелген тұлғалар, сондай-ақ ТМД Атқару комитетінің өкілдері бар.

Бақылаушылар дауыс беруге келушілердің өте белсенді әрі көңіл-күйлері де көтеріңкі екенін байқады, деп атап өтті Алматы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Рафаэль Хасанов.

 ТМД-дан барлығы 74 бақылаушы Қазақстанның тоғыз өңірінде жүр. Соның ішінде Алматы да бар. Сондай-ақ, ШЫҰ, түркі мемлекеттері ұйымдарының және АӨСШК өкілдерімен ынтымақтасады.

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу