Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Хиджап кимеген қызын әке-шешесі ұрып-соққан

Құқық
Хиджап кимеген қызын әке-шешесі ұрып-соққан
видеодан скриншот

Қырғызстандық ата-ана 20 жастағы қызын молдаға апарып, шлангпен ұрып-соғып, жағымсыз иісі бар сұйықтық құйылған бөшкеге батырған. Бұл туралы Stan.kz сайтына сілтеп Malim.kz  хабарлайды. 

Сезім дағдарыс орталығының мәліметінше, 20 жастағы Бішкек тұрғыны өз ата-анасының қатыгездігіне тап болған. Бұған оның хиджаб киюден бас тартуы себеп болыпты. Ата-ана қызын ұзақ уақыт бойы молдаға күштеп апарып, "жын шығаратын" рәсімдер жасаған. 

Жәбірленушінің айтуынша, оны шлангпен ұрып-соғып, жағымсыз иісті сұйықтық құйылған ыдысқа күштеп батырған. Сонымен қатар, ата-анасы қызының бостандығын шектеп, телефонын алып қойып, үйден шығуға рұқсат бермеген. Бойжеткен отбасының бір жылдан бері радикалды діни көзқарастарды ұстанғанын хабарлады.

Бұл жағдай желіде қызу талқыға түсті. "Сезім" орталығының өкілдері қыздың ата-анасымен сөйлескен. Осыдан кейін бойжеткенге хиджаб кимеуге рұқсат беріліпті. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу