Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Хромтаудағы шахтада 4 жұмысшы уланып қалды

Оқиға
Хромтаудағы шахтада 4 жұмысшы уланып қалды

Ақтөбе облысы Хромтау ауданында төтенше жағдай болып, төрт жұмысшы зардап шекті, деп хабарлайды Malim.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілі Іңкәр Қарашаеваның айтуынша, оқиға бүгін Дөң тау-кен байыту комбинатында болған.

Кәсіпорында бұрғылау жұмыстары кезінде ауаның қысқа мерзімді тұтануы орын алды. Оқиға салдарынан төрт жұмысшы аудандық ауруханаға жеткізілді. Екі зардап шегуші травматология бөліміне жатқызылды, біреуі үйіне жіберілді, біреуінің жағдайы ауыр, реанимацияда жатыр,-дейді ол. 

Зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетілген. Олардың барлығы - ер адамдар.

Фото: Pixabay.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу