Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ыстамбұлда жойқын жер сілкінісі болды

Әлем
Ыстамбұлда жойқын жер сілкінісі болды

Ыстамбұлда жойқын жер сілкінісі тіркелді,- деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Yeni Şafak басылымының мәліметінше, алдымен Силиври жағалауында магнитудасы 3,9 болатын жер сілкінісі болған. Алайда кейінірек сол аумақта магнитудасы 6,2-ге жеткен екінші қуатты жер сілкінісі тіркелді. Ол шамамен 10 секундқа созылған. Зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат жоқ. 

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) деректеріне сәйкес, бұл жер сілкінісі жергілікті уақытпен сағат 12:49-да болған. Жерасты дүмпуінің эпицентрі Мәрмәр теңізінде, Силиври қаласынан оңтүстікке қарай 26 шақырым жерде орналасқан.

Сол өңірде кейін тағы екі жерасты дүмпуі тіркелді – магнитудалары тиісінше 5,0 және 5,3. Бұл сілкіністер де Ыстамбұлдың бірқатар ауданында сезілген.

Еске салайық, 2023 жылғы 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында тоғыз сағат аралығымен екі аса қуатты жер сілкінісі болған еді. Біріншісі – Газиантептегі Шехиткамиль ауданында (магнитудасы 7,8), екіншісі – Кахраманмараштағы Экинозү ауданында (магнитудасы 7,5). Бұл апат салдарынан Түркияда 50 мыңнан астам, Сирияда 8 мыңнан аса адам қаза тапты, ондаған мың адам жарақат алды. Түркияда төтенше жағдай және жеті күндік аза жарияланған болатын.

Фото: Pixabay.com 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу