freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жайық маңында лотос алқабы пайда болды

Қоғам
Жайық маңында лотос алқабы пайда болды
Фото: elordamedia.kz

Екі жыл бұрын Шаттық Хами мен Айым Жанкелді Қытайдың Пиндуодуо платформасынан алған лотос тұқымдарын аквариумда өсірмек болған. Тәжірибе сәтсіз аяқталған соң, қалған тұқымдарды үй маңындағы Жайық өзенінің атырауындағы су айдынына шашып жіберген, деп хабарлайды Malim.kz, elordamedia.kz-ке сілтеме жасап. 

Арада бір жыл өткенде алғашқы жапырақтар көрініп, биыл өсімдіктер гүлдей бастаған. Қазір бірнеше тұқымнан тараған өсімдіктер футбол алаңындай аумақты алып жатқан көрінеді.

Оқиға әлеуметтік желіде кең тарап, көпшілік қыздардың табиғатқа деген сүйіспеншілігіне тәнті болған. Тіпті пайда болған алқапқа «Шаттық-Айым» деген атау беру ұсынылған. Ал гүлдердің бірден дерлік Қызыл кітапқа енген Каспий лотосы екені айтылды.

Алайда мамандар өсімдіктің нақты түрі мен оның шығу тегін әлі анықтаған жоқ. Мамандардың айтуынша, бөтен өсімдік түрлерін табиғи ортаға енгізу экожүйеге қауіп төндіруі мүмкін.

Мұндай жағдай бұған дейін Италияның Мантуя қаласында да тіркелген. 1921 жылы Азия лотосы (Nelumbo nucifera) көлге әдейі отырғызылып, кейін ондаған гектар аумаққа тараған. Нәтижесінде өсімдіктің таралуын тежеу үшін оны механикалық жолмен жоюға тура келген.

Қазақстан заңнамасында да бөтен өсімдік түрлерін табиғи ортаға өз бетінше енгізуге шектеу қойылған. Енді мамандар Жайық маңында өсіп шыққан өсімдіктің нақты түрін анықтауы тиіс.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу