Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жамбылда түрмедегі әйел тұрмысқа шықты

Құқық
Жамбылда түрмедегі әйел тұрмысқа шықты

Жамбыл облысында қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесінде жазасын өтеуші әйел заңды некеге тұрды, деп хабарлайды Malim.kz.

Polisia.kz жазуынша, сотталған әйел 38 жаста, алаяқтықпен айналысқаны үшін қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігі негізінде кінәлі деп танылып, сот үкімімен 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған.

Шынайы махаббатқа ешқандай кедергі жоқ. Бастысы, жүрегіме жақын адамымды таптым. Сүйіктім екеумізге отбасын құруға мүмкіндік берген түзеу мекемесінің әкімшілігіне ризашылығымды айтқым келеді. Кез келген адам бақытты болуға лайықты, дейді ол.

Жалпы, бүгінгі таңда аталған мекемеде бас-аяғы 81 азамат жазасын өтеп жатса, оның ішінде бесеуі әйел.

Фото: Polisia.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу