freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жаңа Конституцияда тоқал насихатына тосқауыл қойылды – депутат

Қоғам
Жаңа Конституцияда тоқал насихатына тосқауыл қойылды – депутат
Фото: видеодан кадр

«Референдум–2026» ақпараттық алаңында Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, Конституциялық комиссия құрамындағы Мұрат Әбенов бірқатар маңызды мәселеге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Malim.kz Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.

Халық қалаулысы зайырлылық қағидаттарын нығайту, білім беру жүйесін діни ықпалдан қорғау және отбасы институтының конституциялық негіздерін нақтылау қажеттігін айтты.

Оның сөзінше, соңғы уақытта жекелеген діни ағымдардың мектептер мен колледждер қызметіне араласу деректері көбейген. Бұл жағдай оқушылардың еркін дамуына кері әсер етіп отыр. Әсіресе, мемлекет қаржыландыратын білім беру ұйымдарында заңсыз діни үгіт-насихатқа жол берілмеуі тиіс екенін ерекше атап өтті.

Дін өзіне тиесілі емес салаларға араласып жатыр. «Домбыра тартуға болмайды, өнермен айналысуға болмайды» деген секілді шектеулер арқылы балалардың дамуына кедергі келтіру жағдайлары бар. Сабақ уақытында оқушыларды мешітке апарып, түрлі шаралар өткізу – бұл бала құқығын тікелей бұзу, – деді Мұрат Әбенов.

Депутат білім беру жүйесі мен діни қызметтің ара-жігін нақты айқындап, оны заңнамалық тұрғыда бекіту маңызды екенін жеткізді.

Сонымен қатар ол қоғамда қызу талқыланып жатқан көпәйелділік мәселесіне де тоқталды. Оның пікірінше, мұндай бастамалар ел Конституциясының негізгі қағидаттарына қайшы келеді және әйелдер мен балалардың құқықтарына нұқсан келтіреді.

Айтуынша, Конституцияның жаңартылған жобасында неке ұғымын нақтылау ұсынылған.

– Бірінші әйел, екінші әйел деп насихаттау – мемлекеттік саясатқа қарсы. Мұндай жағдайда әйелдер мен балалардың құқығы бұзылады. Сондықтан Конституцияда неке тек бір ер адам мен бір әйел адамның арасында болады деп нақты көрсетілді, – деп түсіндірді комиссия мүшесі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу