freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жәнібек ауданында «Жас сақшы» полиция сыныбы ашылды

Білім-ғылым
Жәнібек ауданында «Жас сақшы» полиция сыныбы ашылды
©БҚО әкімідігінің баспасөз қызметі

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жәнібек ауылында орналасқан Тайыр Жароков атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде «Жас сақшы» полиция сыныбының ашылу салтанаты өтті.

Жәнібек ауданында «Жас сақшы» полиция сыныбы ашылды

Жаңа сыныпқа Ұлы Отан соғысының және ішкі істер органдарының ардагері Сұлтан Бисекеновтің есімі берілді. Ол құқық қорғау саласында ұзақ жылдар бойы абыройлы қызмет атқарып, ерлігі мен мінсіз еңбегі үшін үш мәрте «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталған. Сонымен қатар, ІІ дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «1941–1945 жж. Германияны жеңгені үшін» медалімен және өзге де мерейтойлық наградалармен марапатталған.

Жәнібек ауданында «Жас сақшы» полиция сыныбы ашылды

Жобаның негізгі мақсаты – жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу, құқықтық мәдениетін қалыптастыру, тәртіп пен жауапкершілікті арттыру, сондай-ақ құқық қорғау органдарындағы қызметке қызығушылығын ояту.

Жәнібек ауданында «Жас сақшы» полиция сыныбы ашылды

«Жас сақшы» сыныбына 15 оқушы қабылданды. Олар арнайы бағдарлама бойынша білім алып, құқық қорғау органдары қызметкерлерімен кездесулер өткізіп, түрлі патриоттық және қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысады.

Айта кету керек, Батыс Қазақстан облысында «Жас сақшы» полиция сыныбы бесінші рет ашылып, бүгінде табысты жұмысын жалғастыруда.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу