Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жапаров ширек финалға шықты

Спорт
Жапаров ширек финалға шықты

Қазақ таэквондошысы Руслан ЖАПАРОВ Токио Олимпиадасында ширек финалға шықты. Бұл туралы Мalim.kz сайты хабарлайды.

81 келіден жоғары салмақта өнер көрсетіп жатқан Жапаров екінші кезеңде германиялық Александр Бахманнмен кездескен еді. Қазақ спортшысы қарсыласын 11:7 есебімен жеңді. Естеріңізге сала кетейік, неміс спортшысы әлем чемпионы.

Ширек финалда Жапаров Оңтүстік Корея спортшысы Ке Дон Инмен кездеседі. 

25 жастағы Руслан Жапаров Тараз қаласында дүниеге келген. 2018 жылы Азия ойындарында қола, Азия чемпионатында күміс медаль иеленген. 2016 жылғы Рио Олимпиадасына қатысқан.

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу