freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жапония жағалауында магнитудасы 5,4 болатын жер сілкінісі тіркелді

Әлем
Жапония жағалауында магнитудасы 5,4 болатын жер сілкінісі тіркелді
Фото: pixabay

Жапонияның Хонсю аралы жағалауында магнитудасы 5,4 болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Malim.kz Gismeteo-ға сілтеме жасап.

АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Тиба префектурасындағы Татеяма елді мекенінен оңтүстік-шығысқа қарай 148 шақырым жерде орналасқан.

Жерасты дүмпулерінің ошағы 61,7 шақырым тереңдікте болған. Жер сілкінісі 21 тамызда сағат 12:02-де (GMT) тіркелді. Жапонияның Метеорологиялық агенттігі оқиғаның магнитудасын 5,5 деп бағалаған.

Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат түскен жоқ.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу