«Dolphin» тайфуны Жапонияның Окинава аралын соқты, деп хабарлайды Malim.kz Reuters-ке сілтеме жасап.
Табиғи апат салдарынан бес адам жарақат алып, 14 мыңға жуық ғимарат электр қуатынсыз қалды.
Желдің тұрақты жылдамдығы сағатына 162 шақырымға, екпіні 216 шақырымға дейін жеткен. Қолайсыз ауа райына байланысты әуе компаниялары зардап шеккен аймаққа рейстерді тоқтатты.
Қазір тайфун Қытайдың шығыс жағалауына қарай бет алды. Чжэцзян провинциясында порттар мен 162 паром бағытының жұмысы тоқтатылды.
Жекелеген аудандарда 12 тамызға дейін 600 миллиметрден астам жауын-шашын түсуі мүмкін.