Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жәрдемақы туралы тағы бір жалған ақпарат тарады

Құқық
Жәрдемақы туралы тағы бір жалған ақпарат тарады

Еңбек министрлігі жәрдемақы туралы таралып жатқан тағы бір ақпараттың жалған екенін хабарлады.

Бұл жолы қазақстандықтарға жіберіліп жатқан хабарламада 1949 жылдан 2010 жылға дейінгі аралықта туғандарға 70 000 теңге мөлшерінде төлемақы берілетіні көрсетілген. Оны белгісіз бір қор төлейді-мыс. Белгісіз тұлғалар осы қаражатты алу үшін сілтеме арқылы өтуді ұсынады.

Министрлік мұндай тәсілмен алаяқтар адамдардың жеке мәліметтеріне қол жеткізбек екенін ескертті. Сондықтан күмән тудыратын сілтемелерді ашпаған жөн.

Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат 1414 номерінен СМС-хабарлама арқылы ғана таралады.

Айта кетсек, тамыз айында 140 мың теңге мөлшерінде бір реттік төлем берілетіні туралы жалған ақпарат шыққан еді.

Фото: alau.kz, stopfake.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу