Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жастарды жұмысқа шақырып жатыр

Сұқбат
Жастарды жұмысқа шақырып жатыр

Шымкентте жастар практикасымен 600-ге жуық маман жұмысқа жолданды

Президент Қ.Тоқаев өз жолдауында және елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында басты назарларын жастардың болашағына, білім алуына, жұмысқа тұруына қойған болатын.

Осы орайда, Шымкент қаласында  «Жастар практикасы» бағдарламасы қолға алынған. Жастар осы бағдарлама арқылы жұмысқа тұра алады. 

Жұмыспен қамту орталығының мамандары жыл басталғаннан бергі 3 айда 29 жасқа дейінгі 600-ге жуық қала тұрғындарына жолдама берген. Биыл  бағдарлама аясында 2500 жасты жұмыспен қамтылмақ.

Былтыр Шымкент қаласында осы бағдарламаның арқасында оқу орнын бiтiрген 2 953 жас түлек түрлі жұмыс орындарына жолданған. Олардың көпшілігі бүгінде тұрақты жұмыс істеп жүр. Бір қызығы, жастардың көбісі жұмыс іздегенде мемлекеттік мекемелерді таңдаған.

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу