freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Жауапты болуы керек": Асхат Аймағамбетов мұғалімдерді әбден қинаған мәселеге нүкте қойды

Білім-ғылым
"Жауапты болуы керек": Асхат Аймағамбетов мұғалімдерді әбден қинаған мәселеге нүкте қойды
Sputnik / Санат Имангалиев. Суретте: Асхат Аймағамбетов

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов педагогтерді өз міндетіне кірмейтін жұмыстарға тарту тәжірибесін тоқтату қажет екенін айтып, мұндай әрекетке барған тұлғаларды айыппұлмен жазалауды ұсынды, деп хабарлайды Malim.kz.

Депутаттың айтуынша, педагог мәртебесіне қатысты ең өзекті мәселелердің бірі – мұғалімдердің жауапкершілік шегін нақты айқындау.

«Жалпы, каникул кезінде, жазғы демалыста немесе түнгі уақытта мұғалім балалар үшін жауап бермеуі тиіс. Қажет болған жағдайда құқық қорғау органдары бар. Кейбір өңірлерде оқушылар түнде құқық бұзса, мұғалімді жұмыстан шығарған жағдайлар болды. Тіпті ұстаздарды өзен күзетуге де тартқан. Мұндайда еңбек демалысы бұзылады. Біз нақты айтамыз: мұғалім оқу процесі кезінде ғана жауапты болуы керек. Ал каникулда және сабақтан тыс уақытта жауапкершілік ата-анада», – деді Аймағамбетов.

Сонымен қатар депутат ұстаздардан артық есеп талап ету және сенбілік секілді құзыретіне жатпайтын жұмыстарға тарту мәселесін көтерді. Қазіргі таңда мұндай әрекеттер үшін тек ескерту қарастырылған.

«Біздің ұсыныс – тек ескерту емес, нақты, аз мөлшерде болса да айыппұл енгізу. Егер мұндай шешімді мектеп басшысы қабылдаса – мектеп басшысына, білім басқармасы қабылдаса – сол басқармаға, министрлік деңгейінде болса – министрлікке жауапкершілік жүктелуі тиіс», – деді ол.

Аймағамбетов тағы бір өзекті мәселе ретінде WhatsApp топтарының шамадан тыс көбеюін атады. Оның сөзінше, пандемия кезінде пайда болған бұл тәжірибе қалыпты жағдайға айналып кеткен.

«Бір мұғалімде 15-ке дейін чат болуы мүмкін – оқушылармен, ата-аналармен және басқа да топтар. Сабақтан кейін әр чатқа жауап беру оңай емес. Мұғалімнің де отбасы, жеке өмірі бар. Сондықтан ресми бекітілмеген платформаларда міндетті түрде жауап беру талабы болмауы керек. Шетелде балаңыз 11 жыл оқыса да мұғалімнің жеке телефон нөмірін білмеуіңіз мүмкін. Бұл мәселені біріздендіру қажет», – деді депутат.

Аймағамбетовтің пікірінше, педагог мәртебесін нақты қорғау үшін жауапкершілік пен талаптардың шекарасы заңмен айқын белгіленуі тиіс.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу