Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында болған апаттан қаза тапқан қызметкердің отбасына он жылдық жалақысы төленеді.
YDD Corporation компаниясы қаза тапқан қызметкердің отбасына қолдау көрсетеміз деп уәде берді. Компания келесі міндеттемелерді атқарады:
- Отбасын қолдау үшін 10 жылдық жалақы мөлшерінде біржолғы төлем жасайды.
- Отбасының тұрғын үй жағдайын жақсартуға көмек көрсетеді.
- Қызметкер мен оның жұбайының барлық несиелерін толық өтейді.
Айта кетейік, зардап шеккен жұмысшылардың жағдайы әлі де ауыр. 5 адам жансақтау бөлімінде. Тағы екеуі интенсивті терепия бөлімінде жатыр.