freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Зейнетақыны тез шығарып беремін»: алаяқтардың жаңа схемасы белең алып барады

Қоғам
«Зейнетақыны тез шығарып беремін»: алаяқтардың жаңа схемасы белең алып барады
Фото: gov.kz

Астанада зейнетақы жинақтарына қатысты алаяқтық жасады деген күдікпен 28 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ол азаматтарға қаражатты қолма-қол шешіп беруге көмектесетінін айтып, тұрғынның ақшасын иемденіп, кейін байланысқа шықпай кеткен.

Тергеу барысында күдіктінің жәбірленушіден 250 мың теңге алғаны анықталды.

Алайда барлық ақшаны иеленгеннен кейін ер адам уәдесін орындамай, ізін суытқан. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталып, ұсталды.

Полицейлердің мәліметінше, соңғы уақытта зейнетақы жинақтарын шешіп беруге, әлеуметтік төлемдер мен жеңілдіктер рәсімдеуге көмектесеміз деген сылтаумен жасалатын алаяқтық деректері көбейген.

Осыған байланысты полиция азаматтарды сақ болуға шақырады: бейтаныс адамдарға жеке деректер мен банк картасының мәліметтерін бермеу, күмәнді қызметтер үшін алдын ала төлем жасамау және «ақшаны тез шығарып береміз» деген уәделерге сенбеу қажет.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу