Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Зеленский президент офисінің басшысы Андрей Ермакты қызметінен босатты

Әлем
Зеленский президент офисінің басшысы Андрей Ермакты қызметінен босатты
Фото: Київ24

Украина президенті Владимир Зеленский Украина президенті офисінің басшысы Андрей Ермакты қызметінен босатқанын хабарлады. Бұл ақпарат 28 қараша кешке белгілі болды, деп хабарлайды Malim.kz «Украинская правда» басылымына сілтеме жасап.

Зеленскийдің айтуынша, Ермак отставка туралы өтініш жазған, ал президент офисін қайта жаңғырту күтіп тұр.

«Келіссөздер бағыты бойынша украин ұстанымы әрдайым тиісті деңгейде ұсынылуы үшін Андрийге алғыс айтамын. Ол әрқашан патриоттық ұстаным болды. Бірақ әртүрлі қауесеттер мен алыпқашпа әңгімелердің болмағанын қалаймын.

Жаңа офис басшысына қатысты — бұл институтты басқара алатын адамдармен ертең кеңес өткіземін.

Жақында келіссөздер болады, онда біздің өкілдер болады — бұл Бас штаб бастығы, Сыртқы істер министрлігінің өкілдері, Қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы және барлау қызметіміз. Сырттан келген осындай үлкен сын-қатер — соғыс — кезінде біз ішкі бірлікті нығайтуымыз керек.

Украинаны қорғауға біздің күшіміздің жүз пайызы жұмылдырылуы тиіс. Қазір әркім мемлекет мүддесіне сай әрекет етіп, елді қорғауы керек. Бұл — өзгермейтін қағида. Жақын уақытта америкалық тараппен кездесулер өтеді», — деді Зеленский кешкі видеоүндеуінде.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу