Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Зеленский, Путин мен Трамп бір үстел басына отыратын болды: Ертең әлем тағдырын шешетін күн

Әлем
Зеленский, Путин мен Трамп бір үстел басына отыратын болды: Ертең әлем тағдырын шешетін күн
Anadolu Ajansı

Владимир Зеленский Украина, Ресей және АҚШ арасындағы үшжақты кездесу өтетінін мәлімдеді: келіссөздер ертең басталады, деп хабарлайды Malim.kz.

Украина президентінің айтуынша, Украина-АҚШ-Ресей арасындағы техникалық деңгейдегі үшжақты кездесу 23-24 қаңтар күндері Біріккен Араб Әмірліктері аумағында өтеді. Бұл туралы ол Дүниежүзілік экономикалық форум аясында, Давос қаласында өткен панельдік пікірталастан кейін айтты.

Зеленский бұл Украина, Ресей және АҚШ арасындағы алғашқы үшжақты кездесу болатынын атап өтіп, оның соғысты тоқтатуға жол ашатынына үміт білдірді.

"Ертең және арғы күні үшжақты кездесу өтеді. Бұл мүлде диалог болмағаннан әлдеқайда жақсы", – деді ол.

Бұл пікірлер Зеленскийдің АҚШ президенті Дональд Трамппен бір сағатқа созылған кездесуден кейін айтылды. Трамп өз кезегінде келіссөзді "жақсы өтті" деп бағалаған.

Украина басшысының сөзінше, бейсенбі күні украин делегациясы америкалық тараппен кездескен, ал одан кейін АҚШ өкілдері Ресейге аттанады.

"Бүгін біздің команда америкалықтармен кездеседі, ертең америкалықтар ресейліктермен жүздеседі. Ал бүгін кешке не боларын білмеймін – бәлкім, Путин ұйықтап жатқан шығар, оның ойында не барын ешкім білмейді", – деді Зеленский.

Сондай-ақ ол ресейлік тарап ымыраға дайын болуы тиіс екенін атап өтті:

"Барлығы компромиске дайын болуы керек, тек Украина ғана емес. Бұл біз үшін өте маңызды. Нәтижесі қандай боларын көреміз", – деді ол.

Алайда Зеленский келіссөздердің нақты форматы мен тараптардың тікелей байланысқа шығатыны-жықпайтыны туралы мәлімет бермеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу