Украина президенті Владимир Зеленскийдің мәліметінше, Ресей ел аумағындағы нысандарға 450 дрон және әртүрлі типтегі 30 зымыран бағыттаған, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.
Ресей Қорғаныс министрлігі Украина ВПК нысандарына «Кинжал» гиперзвуковый зымыраны қолданылғанын хабарлаған.
Украина президентінің айтуынша, Ресейдің тағы бір түнгі соққысынан мыңдаған үй электр жарығынан айырылған. Зардап шеккендер жеті өңірде тіркеліп, негізгі соққы Украина оңтүстігі мен Одесса облысының энергетикалық инфрақұрылымына бағытталған. Бұл туралы Зеленский 13 желтоқсада әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.