АҚШ және Еуропа жетекшілерімен өткен келіссөздердің қорытындысы бойынша территория мәселесі шешілмей отыр деп мәлімдеді Зеленский, деп хабарлайды Malim.kz.
Украина президенті Владимир Зеленский журналистерге бейбіт келісім аясындағы бірқатар маңызды мәселелер әлі де реттелмегенін айтты.
Зеленскийдің сөзінше, америкалық тарап ымыра іздеуге бейіл, алайда территория мәселесі әлі шешілмеген. Президенттің айтуынша, Ресей территория беруді талап етеді.
«Басында 28 тармақ болатын, қазір 20 қалды. Бұл бағытты реттедік, мүлде айқын антуукраиндық тармақтар алынып тасталды. Америкалықтардың жалпы ұстанымы – ымыра табу. Әрине, территорияға қатысты күрделі мәселелер бар. Онда әзірге ешқандай ымыра жоқ», – деп келтіреді Зеленскийдің жауабын «Интерфакс-Украина».
«Бізде заң бойынша да, Украина заңдары мен Конституциясы бойынша да, халықаралық құқық бойынша да, шындығында, моральдық тұрғыдан да ешқандай құқық жоқ. Әрине, Ресей бізден территория беруді талап етеді. Біз, әрине, ештеңе бергіміз келмейді», – деп Зеленскийдің сөзін келтіреді «Суспільне».
«Суспільне» жазғандай, Украина президенті қауіпсіздік кепілдігі мәселесін де қозғады.
«Біз ала алатын ең мықты қауіпсіздік кепілдіктері – АҚШ-тан. Әрине, бұл Будапешт меморандумы сияқты бос уәде емес, егер ол АҚШ Конгрессінде дауысқа қойылатын болса», – деді Зеленский.