freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Зеленский Украина армиясын реформалау туралы мәлімдеме жасады

Әлем
Зеленский Украина армиясын реформалау туралы мәлімдеме жасады
Фото: Yasuyoshi Chiba/AFР

Украина президенті Владимир Зеленский соғыс жағдайында ел армиясын жаңғырту жоспарын жариялады, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Ол әскери қызметкерлердің жалақысын едәуір арттыру және жедел келісімшарттық қызметті кеңейту бастамаларын ұсынды.

Жаңа жоспарға сәйкес, тылдағы әскери қызметкерлердің айлығы шамамен 50%-ға өсіп, 400 еуроға дейін жетпек. Ал алдыңғы шептегі жаяу әскерге берілетін қосымша төлемдер үш еседен астамға ұлғаяды. Сонымен қатар, жауынгерлік тапсырмаларды орындауға және жауынгерлік тәжірибені есепке алуға басымдық берілетіні айтылды.

Қаржыландыру көздері нақты көрсетілмегенімен, бұған дейін Еуроодақ Украинаға 90 млрд еуро көлемінде несие бөлгені хабарланған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу