freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Зеленский: Украина мен Ресей арасындағы жаңа келіссөздер АҚШ-та өтеді

Әлем
Зеленский: Украина мен Ресей арасындағы жаңа келіссөздер АҚШ-та өтеді
Фото: Nathan Howard/Getty Images

АҚШ Украина мен Ресейдің келіссөз жүргізушілеріне алдағы аптада Майами қаласында кездесуді ұсынды, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский сенбі күні, 7 ақпанда, журналистермен кездесу барысында мәлімдеді. Киев бұл кездесуге қатысуға келісім бергенін растады. Ал келіссөздердің алдыңғы раунды Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен.

Владимир Зеленскийдің айтуынша, АҚШ Ресейдің Украинаға қарсы соғысын аяқтауға бағытталған үшжақты келіссөздердің жаңа кезеңін өз аумағында өткізуді ұсынып отыр. Америка тарапы соғыстың алдағы бірнеше ай ішінде тоқтағанын қалайды.

«Олар барлығын маусым айына дейін аяқтағымыз келеді деп айтып отыр», – деп келтіреді Зеленскийдің сөзін украиналық БАҚ.

Сонымен бірге Украина президенті егер Украинаға қатысты қандай да бір келісім тек Вашингтон мен Мәскеу арасында жасалатын болса, Киев ондай уағдаластықты қабылдамайтынын атап өтті. РФ өкілдері материал жарияланған сәтке дейін бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірген жоқ.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу