Владимир Зеленский Украина қорғаныс министрі қызметіне Михаил Федоров ұсынылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.
Ол бұл қызметте Денис Шмыгальдің орнын басады.
Президенттің айтуынша, Федоров «дрондар желісі» бағытымен терең айналысып келеді және мемлекеттік қызметтер мен үдерістерді цифрландыруда жоғары нәтижелер көрсеткен. Зеленский оның армияда қажетті реформаларды іске асырып, Қарулы күштердің технологиялық әлеуетін арттыра алатынына сенім білдірді.
Михаил Федоров 1991 жылы Запорожье облысында дүниеге келген. Тағайындалған жағдайда ол Украина тарихындағы ең жас қорғаныс министрі болмақ. 2019 жылдан бері ол үкіметте бірқатар маңызды қызмет атқарды. Атап айтқанда, Украинада мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға мүмкіндік беретін Дія цифрлық платформасының іске қосылуына бастамашы болды.