Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Женевада Украинаға арналған бейбіт жоспар бойынша келіссөздер басталды

Әлем
Женевада Украинаға арналған бейбіт жоспар бойынша келіссөздер басталды
Фото: Valentin Flauraud/AFP/Getty Image

Женевада соғысты тоқтату жөніндегі консультациялар барысында Украина делегациясы Лондон, Берлин және Париж өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Келіссөздерге қатысу үшін Женеваға АҚШ мемлекеттік хатшысы Рубио мен Трамптың арнайы өкілі Уиткофф та келді.

23 қараша, жексенбі күні Украина президенті Владимир Зеленский Женевада Украинадағы соғысты тоқтату жоспары бойынша халықаралық консультациялар өтіп жатқанын хабарлады. Украина делегациясының жетекшісі, президент әкімшілігінің басшысы Андрей Ермак та «тұрақты және әділ бейбітшілікті» орнату жөніндегі келіссөздердің басталғанын мәлімдеді.

«Ұлыбритания, Франция және Германия көшбасшыларының ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшілері — Джонатан Пауэлл, Эммануэль Бонн және Гюнтер Зауттермен алғашқы кездесу өткіздім. Келесі кездесу — АҚШ делегациясымен. Өте конструктивті көңіл күйдеміз», — деп жазды Ермак әлеуметтік желіде.

Оның айтуынша, бүгінгі бағдарламада әртүрлі форматтағы басқа да кездесулер жоспарланған. Келіссөздерге қатысу үшін АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио және Америка президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф та келген.

Канада премьер-министрі Марк Карни Женевадағы консультацияларға Канада ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі де қатысатынын, ал өзі сол күні кейінірек Украина президентімен әңгімелесетінін айтты.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу