Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жетісайдағы өртте аман қалған тағы бір адам Шымкентке жеткізілді

Қоғам
Жетісайдағы өртте аман қалған тағы бір адам Шымкентке жеткізілді
Фото: видеодан скрин

Түркістан облысында 12 адамның өмірін қиған өрттен зардап шеккен тағы бір тұрғын Жетісай ауданынан Шымкент қаласына тікұшақпен жеткізілді, деп хабарлайды Malim.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше санитарлық рейсті «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» РМҚК үйлестірді. Өрт салдарынан зардап шеккен 1990 жылы туған әйел Шымкент қаласындағы гипербариялық оксигенация орталығына жеткізілді.

«Гипербариялық орталық Шымкентте орналасқандықтан, ал Жетісай ауданында шұғыл медициналық көмек көрсетуге қажетті арнайы жабдықтар жеткіліксіз болғандықтан, науқасты тасымалдау қажет болды», - деп жазылған хабарламада.

Экипаж санитарлық рейсті сәтті орындап, барлық қауіпсіздік шарасын сақтай отырып, зардап шеккен әйелдімежелі жерге жеткізді. Қону сәтінен кейін науқас арнайы мамандандырылған дәрігерлердің бақылауына тапсырылды.

19 қарашада «Казавиақұтқару» авиациялық қызметінің тікұшағы өрттен зардап шеккен 1986 жылғы ер адамды Шымкентке жеткізген болатын.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу