Әлеуметтік желілерде ауыл көшелерімен жүгіріп жүрген қонжық туралы бейнежазбадан кейін тұрғындар жануарды ұстап алып, өлтірді деген қауесет тараған болатын, деп хабарлайды Malim.kz.
Осыдан кейін әкімдік жануардың өлтірілгені туралы қауесетке жауап берді. Белгілі болған жағдай бойынша елді мекен көшесінде жүгіріп жүрген қонжық түсірілген видео Instagram желісінде блогер Қайрат Абдрахманның парақшасында жариялаған.
«Сарыөзекке түз тағысы - қонжық кіріп кеткен», – деп айтады бейнежазбада.
Кейін Кербұлақ ауданы әкімдігі “Қазақпарат” агенттігіне бейнежазбаны расымен осы ауыл аумағында түсірілгенін растады. Біраз уақыттан соң әлеуметтік желілерде өлтірілген аюдың суреті тарап, ол Сарыөзекте түсірілген деген ақпарат тараған.
Кербұлақ ауданы әкімдігі Instagram парақшасында бұл суреттің жалған екенін және жасанды интеллект көмегімен жасалғанын мәлімдеді.
«Өлтірілген аю туралы тараған фото шындыққа сәйкес келмейді. Бұл сурет жасанды интеллект арқылы жасалған. Қазіргі уақытта жануарды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр», - деді әкімдік тарапы.