Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жетісу облысында таулы аумақтағы өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда

Қоғам
Жетісу облысында таулы аумақтағы өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда

Алакөл ауданы, Көкмойын шатқалында теңіз деңгейінен 2600 метр биіктікте орналасқан таулы аумақта құрғақ шөптің жануын жою жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Malim.kz.

Бүгін ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» МИ-8 тікұшағы арқылы «Қазавиорманқорғау» қызметкерлерін қоса алғанда, қосымша құтқарушылар тобы десант ретінде түсірілді. Қону төменірек орналасқан, еңісі жайдақ таудың етегінде жүзеге асты. Бұл қадам өрттің сол жақ қапталындағы сөндіру жұмыстарын күшейтуге бағытталған. Өртті сөндіруге 100-ден астам жеке құрам және 11 бірлік техника жұмылдырылған.

Әуеден сөндіру үшін су төгу құрылғысымен жабдықталған «Қазавиақұтқару» АҚ-ның МИ-8 тікұшағы тартылып, 50 тоннадан астам су төгілді.

Өртті сөндіру жұмыстары арнайы техниканың кіруі қиын таулы жер бедерінде жүргізілуде. Жұмыстар жалғасуда.
Фото: ТЖМ

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу