freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жетісу облысында жер сілкінді. Алматылықтар дүмпуді сезгенін айтты

Оқиға
Жетісу облысында жер сілкінді. Алматылықтар дүмпуді сезгенін айтты
видеодан скриншот

Жетісу облысында жер сілкінді, - деп хабарлайды Malim.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, магнитудасы 5,2 болатын жер сілкінісі Астана уақытымен 13:39-да тіркелген.

Картадағы мәлімет бойынша, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 298 шақырым қашықта орналасқан.

Алматы тұрғындары да әлеуметтік желіде жер сілкінісін сезгенін жазды. 

"Сейсмологиялық зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 5 ақпанда Астана уақытымен 13:42-де жер сілкінісі тіркеген.

"Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 284 шақырым жерде орналасқан", - деп жазылған хабарламада.

ТЖМ мәліметінше, зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы мәлімет түспеген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу