Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жоғары аудиторлық палата Назарбаев Университеті мен «ҚазМұнайГаз»-ды тексермек

Экономика
Жоғары аудиторлық палата Назарбаев Университеті мен «ҚазМұнайГаз»-ды тексермек

Мемлекет басшысының қабылдауында болған Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайыловты биылғы II тоқсандағы жұмысының қорытындыларын таныстырды, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның айтуынша, теміржолға баса назар аудара отырып, көлік саласына, сондай-ақ Абай, Жетісу, Ұлытау, Алматы облыстарының бюджеттеріне және қазақстандықтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесіне аудит жүргізілген.

Жалпы құны 2,9 триллион теңгеден астам қаржыны құрайтын 73 нысан тексерілген. Нәтижесінде 39 миллиард теңгеден астам қаражаттың заңсыз жұмсалғаны анықталған.

Сонымен қатар, биыл екінші жартыжылдықта жүргізілетін аудиторлық іс-шаралар туралы баяндаған ол тексеру жұмыстары Назарбаев Университеті және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ қызметін, сот жүйесін, сондай-ақ ауыл шаруашылығындағы, өңдеу өнеркәсібіндегі және құрылыстағы жекелеген бағыттарды қамтитынын айтты.

Фото: Aqorda

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу