Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жоғары аудиторлық палата: Қазақстанға әкелінетін медициналық техниканың бағасын бақылау күшейтілді

Денсаулық
Жоғары аудиторлық палата: Қазақстанға әкелінетін медициналық техниканың бағасын бақылау күшейтілді

Бұған дейін мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор қаражаты есебінен қаржыландырылатын құрылыс жобаларының сметалық құнының негізділігіне аудит жүргізілді.

Атап айтқанда, ТМККК және МӘМС шеңберінде медициналық бұйымдардың бағасына мемлекеттік сараптама жүргізу сапасына талдау жасалды.

Нәтижесінде көп бейінді ауруханалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу кезінде алшақтық анықталды. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігіне сатып алудың нақты бағасы туралы анық ақпарат алу үшін медициналық жабдықтың құндық көрсеткіштерін мемлекеттік кірістер органдарымен салыстыру жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.  

Биыл 27 маусымда шекті бағаларды реттеу мен қалыптастырудың тиісті қағидаларына қажетті өзгерістер енгізілді.

Енді ТМККК және МӘМС үшін әкелінетін медициналық техниканың бағасын талдау моделі мен жинақталуына қарамастан, соңғы 12 айдағы инвойстың, шот-фактураның және кедендік декларацияның көшірмесі негізінде дежүргізілуі тиіс. Бұл ретте жабдықтың кедендік құнын растайтын құжаттарды қоса беру қажет.
Фото: eurolab.net 
 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу