Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жұмыспен қамтылғандар саны көбейсе де, бірақ нақты жалақы төмендеп кетті

Экономика
Жұмыспен қамтылғандар саны көбейсе де, бірақ нақты жалақы төмендеп кетті
depositphotos.com

Қазақстандағы еңбек нарығында екі түрлі бағыт қатар байқалуда: бір жағынан жұмыспен қамтылғандар саны артып келеді, екінші жағынан нақты жалақы төмендеп отыр. Бұл туралы Halyk Finance және Ұлттық статистика бюросының 2025 жылғы қаңтар–қыркүйек аралығындағы деректері дәлелдейді, деп жазады Malim.kz.

2025 жылдың алғашқы тоғыз айында ресми жұмыссыздық деңгейі 4,6% болды. Елде ресми тіркелген жұмыссыздар саны – 448,6 мың адам. Олардың ішінде: 151 мың адам – 35-44 жас аралығында. Бұл жалпы жұмыссыздардың 33,6%, яғни үштен бір бөлігін құрайды. Бұл – еңбек нарығындағы ең белсенді, тәжірибелі жас санатында да жұмыс табу мәселесінің өзекті екенін көрсетеді.

Ел бойынша бар-жоғы 63,9 мың бос жұмыс орны бар. Яғни, жұмыс іздеген әр жеті адамның біреуіне ғана лайықты жұмыс табылуы мүмкін деген сөз. Бұл еңбек нарығындағы құрылымдық теңсіздікті тереңдетіп отыр.

2025 жылы жұмыспен қамтылғандар саны 96,3 мың адамға өскен. Бірақ бұл өсім негізінен жалдамалы қызметкерлер есебінен тіркелген.

  • Жалдамалы қызметкерлер – 7,2 млн адам (76,7%)
  • Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 2,2 млн адам (23,3%)

Демек, елімізде әр төртінші адам әлі күнге дейін еңбек шартысыз, әлеуметтік кепілдіктерсіз жұмыс істейді. Бұл – көлеңкелі экономиканың және тұрақсыз жұмыспен қамтылудың айқын көрінісі.

2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы орташа номиналды жалақы – 433 312 теңге. Бұл көрсеткіш жылдық мәнде 10,6% өскен. Алайда инфляция деңгейі қыркүйекте 12,9% болғандықтан, нақты жалақы 0,4% төмендеген. Яғни, табыстың өсуі халықтың сатып алу қабілетін арттырып отырған жоқ – керісінше төмендетіп жатыр.

Ел азаматтары негізінен төрт негізгі секторда еңбек етеді:

  • Сауда – 17%
  • Білім беру – 13,1%
  • Өнеркәсіп – 12,3%
  • Ауыл шаруашылығы – 10,8%

Сауда мен қызмет көрсету салалары әлі де еңбек нарығындағы негізгі жұмыс беруші болып отыр.

Қазақстан еңбек нарығында сандық өсім бар болғанымен, сапалық өзгерістер баяу жүріп жатыр. Жұмыссыздық көрсеткіші төмен көрінгенімен, бос жұмыс орындарының тапшылығы, өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың көптігі және нақты жалақының төмендеуі еңбек нарығының терең проблемаларын байқатады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу