Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жүз мыңнан астам қазақстандық өзіне құмар ойын ойнауға шектеу қойды

Қоғам
Жүз мыңнан астам қазақстандық өзіне құмар ойын ойнауға шектеу қойды

Туризм және спорт министрлігі 132 мың қазақстандық eGov mobile арқылы құмар ойындар мен бәс тігуге қатысу үшін өзін-өзі шектеу қызметін пайдаланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Онлайн қызмет іске қосылғанға дейін тізімде 3 мыңнан астам адам болған.

18 наурыздан бастап пилоттық режимде азаматтарды құмар ойындардан және бәс тігуден 6 айдан бір жылға дейінгі мерзімге өз бетінше шектеуге мүмкіндік беретін онлайн-қызмет жұмыс істейді.

Шектеу тек лицензиясы бар заңды ойын компанияларына қолданылады.

Қызметті қосу үшін телефоныңызға eGov мобильді қосымшасын жүктеп алып, электрондық цифрлық қолтаңбаңыз болуы керек. Берілген өтінішті кері қайтарып алу құқығы қарастырылмаған. Керісінше, өзін-өзі шектеуді ұзартуға болады.

Еске салсақ, бұған дейін шенеуніктерге құмар ойын ойнауға тыйым салу туралы петиция 50 мың қол жинаған болатын.

Фото: opennews.kz

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу