freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Жынды ма ол? Қайда кетпекші?" – Нағима Есқалиева құрбысы Роза Рымбаеваға ұрсып берді (ВИДЕО)

Қоғам
"Жынды ма ол? Қайда кетпекші?" – Нағима Есқалиева құрбысы Роза Рымбаеваға ұрсып берді (ВИДЕО)
Arasha.kz коллажы

Танымал әнші әрі ұстаз Нағима Есқалиева өнердегі әріптесі Роза Рымбаеваға қатысты өз ойын білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Журналист Тимур Балымбетов сұхбат барысында Нағима Есқалиевадан Роза Рымбаеваның соңғы кездері сахнамен қоштасу жайлы жиі айтуының себебін сұраған.

"Жынды ма ол? Ол қайда кетпекші? Пугачеваның өзі жүз рет кетіп, жүз рет келген. Ол немересімен ұзаққа отыра алмайды. Ол сахнасыз өмір сүре алмайды. Бұл оның өмірі. Мен оны қаншама мәрте ұстаздық етуге шақырғам. Бірақ ол келіспеді. Ол біздің академияда ұстаздық етсе, біраз студенттің бағын ашар еді. Өте керемет педагог болатын еді", – дейді Нағима Есқалиева.

Айта кетейік, биыл Роза Рымбаева өнер жолындағы 50 жылдығына орай есеп беру концертін өткізуді жоспарлап отыр. Әншінің айтуынша, бұл кеш оның сахнадағы соңғы концерті болуы да мүмкін.

Роза Рымбаева туралы

Роза Рымбаева – қазақ эстрадасының символына айналған өнер иесі, Қазақстанның Халық әртісі, профессор, актриса және тележүргізуші. Ол 1957 жылғы 28 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданындағы Жаңғызтөбе станциясында дүниеге келген. Әншінің сахнадағы жолы 1975 жылдан басталып, бүгінге дейін үздіксіз жалғасып келеді.

Өнерге деген кәсіби дайындығын Роза Рымбаева алдымен Семей музыкалық училищесінде, кейін Алматыдағы театр-көркемөнер институтында шыңдады. 1970-жылдардың ортасында "Гүлдер" ансамблінің солисі ретінде көпшілікке танылып, 1977 жылы Болгарияда өткен "Алтын Орфей" халықаралық байқауында Гран-при иеленуі оның шығармашылық тағдырындағы шешуші белеске айналды. Кейін "Арай" ансамблінің жетекші солисі ретінде қазақ эстрадасының алтын қорына енген талай туындыны орындады.

Әншінің репертуарындағы "Әлия", "Атамекен", "Айгөлек", "Куә бол", "Гүлдене бер, туған жер" секілді әндер бірнеше ұрпақтың жүрегінен орын алды. Ол халық әндерін де, заманауи поп пен джаз бағытындағы шығармаларды да өзіндік биік талғаммен жеткізе білді. Сонымен қатар кино саласында да актерлік қырын танытты.

Роза Рымбаева – халықаралық байқаулардың сан мәрте жеңімпазы. 29 жасында Қазақстанның Халық әртісі атанып, "Парасат", "Құрмет", "Халықтар Достығы" ордендерімен және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығымен марапатталған. Ұзақ жылғы еңбегі мен дара дауысының арқасында ол ел ішінде "Қазақ примадоннасы", "Қазақстанның Алтын дауысы", "Орта Азия бұлбұлы" деген бейресми атақтарға ие болды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу