Статьи по теме: Сәкен Сейфуллин өлеңдері

Найдено 2 вариантов:

Мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллин
Тұлға-таным

Сәкен Сейфуллин (1894-1938) ақын, жазушы, драматург. Мемлекет қайраткері. Қазақ КСР-інің Халық Комиссарлары Кеңесінің алғашқы төрағасы болған. Қарағанды облысы Ақадыр (қазіргі Шет ауданы) ауданы Қарашілік қыстағында дүниеге келген. Азан шақырып қойған аты – Сәдуақас. Нілдідегі орыс-қазақ, Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде, қалалық үш класты училищеде оқыған.

  • 01.09.2024
Сәкен Сейфуллин. Ақсақ киік
Әдебиет

Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин (1894-1938) – қазақтың атақты ақыны, жалынды жазушысы, дарынды драматург, білікті ұстаз, мемлекеттік қайраткері, Қазақстанның қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Қазақ КСР-інің Халық Комиссарлары Кеңесінің алғашқы төрағасы болған. 1894 жылы Қарағанды облысы Ақадыр (қазіргі Шет ауданы) ауданы Қарашілік қыстағында дүниеге келген. 1937 жылы Алматыда «Халық жауы» деген атпен атылды. С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармалары туралы С.Мұқановтың «Сәкен Сейфуллин» пьесасы, Ғ.Мүсіреповтың «Кездеспей кеткен бір бейне» повесі,Ә.Тәжібаев, А.Тоқмағанбетов, Қ.Бекхожин, тағы басқалардың поэмалары, Е.Ысмаиылов, С.Қирабаев, Т.Кәкішев, тағы басқа ғалымдардың әдеби зерттеулері, естеліктері жарық көрген. 1938 жылы қуғын-сүргінге ұшырап, Алматыда атылды. 1958 жылы ақталған. С.Сейфуллин есімімен көптеген ауыл, елді мекендер, театр, мектеп, кітапхана, көшелер аталады. 1985 жылдан Целиноград қаласында (қазіргі Астана қаласы) С.Сейфуллин мұражайы жұмыс істеді.

  • 28.08.2024