Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"100 күн ішінде": Владимир Зеленский Украина тарихында болмаған шұғыл шешім шығарды

Әлем
"100 күн ішінде": Владимир Зеленский Украина тарихында болмаған шұғыл шешім шығарды
Pier Marco Tacca / Getty Images. Суретте: Владимир Зеленский

Украина билігі 100 күн ішінде ұлттық сайлау ұйымдастыруға дайын және "бірқатар шарттар орындалған жағдайда" НАТО-ға кіруден бас тартуға әзір. Бұл ақпаратты Bild басылымы хабарлады, деп жазады Malim.kz.

Дереккөздің айтуынша, президент Владимир Зеленский елдегі соғыс қимылдарын қазіргі шеп бойынша тоқтатуға келісім беруі мүмкін. Дегенмен, Украина қарулы күштері бақылап отырған аумақтардан әскерін шығаруға дайын емес.

Бұған дейін АҚШ Ресей және Украина әскерлері орналасқан шығыс өңірде «еркін экономикалық аймақ» құру бастамасын ұсынған еді. Алайда бұл аумақты нақты кім басқаратыны әлі белгісіз.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу