Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

15 млн теңгенің трансформаторларын ұрлап, сатқандар ұсталды

Құқық
15 млн теңгенің трансформаторларын ұрлап, сатқандар ұсталды

Ақтөбелік полицейлер трансформаторлар ұрлығын әшкереледі. Бұл жөнінде ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Полиция жүргізген жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде, құрылыс нысандарының аумағынан электр қуатының тоғыз трансформаторын ұрлады деген күдікпен Ақмола облысының екі тұрғыны ұсталды.

«Келтірілген шығын көлемі 15 миллион теңгеден асады. Күдіктілер трансформаторларды манипуляторға тиеп алып кеткен. Көп ұзамай Қарағандыға жеткізіп, көрші елдің азаматтарына сатып жіберген. Тоғыз трансформатор тиелген жүк көлігін жедел қызметкерлер Қырғыз Республикасымен шекаралас жерде тоқтатты», - делінген хабарламада.

Ұрлық дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Фото: Rutube.ru

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу