freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

19 жастағы теннисші «Ролан Гарроста» Новак Джоковичті жеңіп, сенсация жасады

Спорт
19 жастағы теннисші «Ролан Гарроста» Новак Джоковичті жеңіп, сенсация жасады
Ролан Гаррос

Францияның ашық чемпионатында басты сенсациялардың бірі тіркелді. Әлемнің төртінші ракеткасы, 24 дүркін «Үлкен дулыға» турнирлерінің жеңімпазы Новак Джокович үшінші айналымда бразилиялық Жоау Фонсекеге есе жіберіп, жарысты мерзімінен бұрын аяқтады, деп хабарлайды Malim.kz.

Бес сетке созылған тартысты матч 4 сағат 57 минутқа жалғасты. Кездесудің алғашқы екі партиясында Джокович 6:4, 6:4 есебімен алда болғанымен, кейін ойын тізгінін қарсыласына беріп қойды. Нәтижесінде Фонсека қалған үш сетті 6:3, 7:5, 7:5 есебімен өз пайдасына аяқтап, келесі кезеңге жолдама алды.

Осылайша, 19 жастағы бразилиялық теннисші тарихи жетістікке қол жеткізді. Ал Новак Джокович мансабында алғаш рет бразилиялық теннисшіге жол берді.

Төртінші айналымда Жоау Фонсека норвегиялық Каспер Руудпен кездеседі. Ол өз кезегінде америкалық Томми Полды бес сет қорытындысы бойынша жеңген болатын.

Сондай-ақ жарыс барысында чехиялық Якуб Меншик әлемнің жетінші ракеткасы Алекс де Минаурды жеңіп, тағы бір сенсациялық нәтиже тіркеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу