Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

30 жыл биліктен кетпеген президент қайтыс болды

Сұқбат
30 жыл биліктен кетпеген президент қайтыс болды

Египеттің бұрынғы президенті Хосни Мүбәрак қайтыс болды. Ол 91 жаста болған. Бұл туралы Египеттің мемлекеттік арнасы хабарлады.

Соңғы мәліметтерге қарағанда елдің бұрынғы президенті ұзақ уақыт бойы ауырған. Қаңтар айының соңында ғана оның асқазанынан қатерлі ісікті сылып тастаған. Содан бергі уақытта 91 жастағы саясаткер жансақтау бөлімінде жатқан.

Хосни Мүбарак Египетті 30 жыл бойы басқарған. Ол билікке 1981 жылы келіп, 2011 жылы Египеттегі үлкен көтерілісте жұрт оның биліктен кетуін талап еткен соң, ол өз еркімен отставкаға кеткен.

Бұдан соң көп ұзамай ол көтерілісшілерді өлтіру және жемқорлық бойынша айыпталып, тұтқынға алынған. 6 жылдық тұтқында болып, 2017 жылы ғана бостандыққа шыққан Мүбәрак өмірінің соңын отбасымен бірге өткізген.

Хосни Мүбәрак 1928 жылы 4 мамырда дүниеге келген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу