Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

8 қалада ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қоғам
8 қалада ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Pixabay

«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

 «2026 жылғы 20 қаңтарда Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Өскемен, Риддер, Атырау, Ақтөбе, Алматы қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі», делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, Өскемен қаласында ауаға тараған екі зиянды зат мөлшері рұқсат етілген шектен асып кеткені анықталды.  

Қалада екі күннен бері жел соқпай тұр. Сол себепті екінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай бүгін кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу