freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

80 жастағы Салтанат Түйтебаев Кейптаун марафонын бағындырды

Спорт
80 жастағы Салтанат Түйтебаев Кейптаун марафонын бағындырды
Туримз және спорт министрлігі

Оңтүстік Африка Республикасының Кейптаун қаласында өткен халықаралық марафонға қатысып, елге оралған ардагер спортшы, 80 жастағы марафон шебері Салтанат Түйтебаев елге оралды, деп хабарлайды Malim.kz.

Жарыс барысында жарақат алғанына қарамастан, елордалық спортшы толық марафон қашықтығын 42,2 шақырымды сәтті еңсеріп, қайсарлықтың, төзімділіктің және спортқа деген адалдықтың жарқын үлгісін көрсеткен.

Салтанат Түйтебаев - белсенді өмір салты мен бұқаралық спортты дамытуға үлес қосып жүрген жарқын адам. 2025 жылы отандасымыз Нью-Йорк марафонында 80-89 жас санатында чемпион атанып, жарысты 4 сағат 45 минутта аяқтаған. Ал 2021 жылы 75-79 жас санатында күміс жүлдеге ие болды. 

Салтанатты қарсы алу рәсіміне спорт саласының өкілдері, спорт ардагерлері, спортшының туған-туыстары мен жақындары қатысты. Туризм және спорт министрінің орынбасары Бауыржан Рапиков бұқаралық спортты дамыту мен саламатты өмір салтын насихаттаудың маңызына тоқталды. 

"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елімізде бұқаралық спортты дамыту кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Халықтың барлық санаты үшін спортпен шұғылдануға қажетті жағдай жасалуда. Салтанат Түйтебаевтың жетістігі - қайсарлықтың, тәртіптің және саламатты өмір салтына адалдықтың айқын үлгісі. Осындай спортшылар жастарға жігер беріп, спорттың жас талғамайтынын дәлелдейді", - деді Бауыржан Рапиков.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу