Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Зеленский сарбаздардың Курск облысында қоршауда қалғанын жоққа шығарды

Әлем
Зеленский сарбаздардың Курск облысында қоршауда қалғанын жоққа шығарды

Украина президенті Владимир Зеленский X әлеуметтік желісінде Украина Қарулы күштерінің (ҚК) Курск облысының кейбір аудандарында операция жүргізіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

«Бөлімшелер өз міндеттерін тиісінше орындап жатыр. Украина күштерінің Курск облысындағы әрекеттері нәтижесінде Ресейдің айтарлықтай әскери күші басқа бағыттардан осы аймаққа қайта шоғырландырылды», – деп түсіндірді Зеленский.

«Біздің әскеріміз Курск облысында Ресей мен Солтүстік Корея топтарына қарсы тұруын жалғастыруда. Біздің әскеріміз қоршауда қалған жоқ», – деп қосты ол.

Ресей Қорғаныс министрлігі соңғы күндері Курск облысындағы жетістіктері, атап айтқанда Суджа елді мекенінің бақылауға алынғаны туралы хабарлаған.

Ресей президенті Владимир Путин Украина Қарулы күштерінің бөлімшелері ресейлік әскер тарапынан қоршауға алынғанын мәлімдеп, украиналық әскерилерді берілуге шақырды.

Алайда, 14 наурызда Украина Қарулы күштерінің Бас штабы өз күштерінің Курск облысында қоршауда қалғанын жоққа шығарды.

Фото: Zelenskiy / Official / Telegram

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу