Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Трамптың Путин мен Зеленскийге көңілі толмай отыр

Әлем
Трамптың Путин мен Зеленскийге көңілі толмай отыр

АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы қақтығысты реттеу мәселесімен «белсенді түрде» айналысып жатыр. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Левитт мәлімдеді.

«Біздің командамыз ресейліктермен де, украиндармен де ынтымақтастықты жалғастыруда. Президент бұл мәселемен күн сайын өте белсенді түрде айналысып келеді», — деді Левитт.

Сонымен бірге, ол Трамптың қақтығыстың екі тарапына да көңілі толмайтынын атап өтті.

«Мен Путиннің істі соңына дейін жеткізетініне көз жеткізгім келеді. Ол маған не айтқан болса, соны орындайды деп ойлаймын. Қазір ол өз келісімінің шарттарын орындауы керек», — деді Трамп.

АҚШ президентінің айтуынша, ол Ресей мұнайына қатысты екінші деңгейлі санкциялар енгізгісі келмейді, бірақ Украинадағы реттеу процесінде ілгерілеу болмаса, мұндай қадамға баруға мәжбүр болады.

Мен оның (Путиннің) келісімге келуін қалаймын, өйткені ресейлік және украиналық сарбаздардың өлімі тоқтауы керек», — деп мәлімдеді Трамп.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу