Абай облысының Аягөз ауданында дала өрті екінші күн қатарынан сөндіріліп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.
17 тамызда Мыңбұлақ ауылдық округінде 75 гектар аумақта құрғақ шөп өртенген. 18 тамызда құтқарушылар өртті оқшаулаған.
Қазіргі уақытта өртті толық сөндіру жұмыстары тәулік бойы жалғасып жатыр. Өртті сөндіруге өсімдік жамылғысының қатты құрғауы мен екпінді жел кедергі келтіруде. Бұл жағдай жалынның тез таралуына және қайта ошақтардың пайда болуына себеп болып отыр.
Сонымен қатар, даланың кейбір учаскелерінің қолжетімсіз болуы өрт аумағын мұқият сулауды және кезекшілік ұйымдастыруды талап етеді.
Қазіргі уақытта елді мекендер мен шаруашылық нысандарына қауіп төніп тұрған жоқ.