Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Абу-Дабиде АҚШ-тың қатысуымен Украина мен Ресей арасындағы келіссөздер басталды

Әлем
Абу-Дабиде АҚШ-тың қатысуымен Украина мен Ресей арасындағы келіссөздер басталды
Фото: Giuseppe Cacace/AFP/Getty Image

Абу-Дабиде Украина мен Ресей арасындағы келіссөздер АҚШ-тың арағайындығымен басталды, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Келіссөздер Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасында өтіп, екі күнге созылады. ТАСС агенттігінің хабарлауынша, келіссөздер өтетін нақты орын жарияланбайды, баспасөздің қатысуы қарастырылмаған.

Жұма, 23 қаңтарда БАӘ Сыртқы істер министрлігі Абу-Дабиде Украина мен Ресей арасындағы келіссөздердің басталғанын ресми түрде мәлімдеді. Ведомствоның хабарламасында бұл кездесу «диалогты ілгерілету және дағдарысты саяси жолмен шешу бойынша жалғасып жатқан күш-жігер аясында» өтіп жатқаны айтылған. Министрлік аталған келіссөздер Украинадағы соғысты тоқтатуға бағытталған нақты қадамдарға жол ашады деген үміт білдірді.

Бұған дейін Sky News телеарнасы украин тарабына сілтеме жасап, Абу-Дабиде Ресей, Украина және АҚШ делегациялары бейресми кездесулер өткізіп жатқанын хабарлаған. Алайда РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұл ақпаратты растаған жоқ.

Ал Axios порталы дереккөздеріне сүйене отырып, Абу-Дабидегі Ресей, Украина және АҚШ арасындағы қауіпсіздік мәселелері жөніндегі үшжақты жұмыс тобының отырысында аумақтар мәселесі күн тәртібіндегі басты тақырып болатынын жазды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу