Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

АЭС туралы референдумда қазақстандықтарға қандай сұрақ қойылуы мүмкін

Қоғам
АЭС туралы референдумда қазақстандықтарға қандай сұрақ қойылуы мүмкін

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін күзде өтеді делінген АЭС салу жөніндегі референдум туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Kazinform.kz.

«Менің ойымша референдумда «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуды қалайсыз ба, қаламайсыз ба?» деген сұрақ қойылу керек», - деді депутат.

Депутаттың ойынша ол АЭС-ті қай елдің технологиясы бойынша салу керектігін сарапшылар анықтау керек.

«Сонда қай елдің технологиясы бойынша салу керек деген сұрақ референдумда қойылмай ма?» - деп сұрады БАҚ өкілі.

«Ол енді сарапшылардың жұмысы ғой», - деді Ерлан Саиров.

Еске салайық, АЭС бойынша референдум биыл күзде өтеді.

Фото: Reuters

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу