Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Аграрлық несие корпорациясы филиалының директоры 7 жыл арқалады

Құқық
Аграрлық несие корпорациясы филиалының директоры 7 жыл арқалады

Петропавл қаласының соты «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-тың Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының директорына қатысты үкімін жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәлімдеуінше, ол ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден арнайы техника сатып алуға және айналым қаражатын толықтыруға несие қарыздарын жеделдетіп бергені үшін 100 және 500 мың теңге мөлшерінде бірнеше мәрте пара алғаны үшін кінәлі деп танылған.  

Сот үкімімен оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды, деп жазылған Агенттік мәлімдемесінде.

Фото: әлеуметтік желіден

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу