freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алатауда ұшқышсыз аэротакси сынақ режимінде ұша бастады

Экономика
Алатауда ұшқышсыз аэротакси сынақ режимінде ұша бастады
Фото Depositphotos.сom

Көлік министрлігі Алатау қаласында ұшқышсыз аэротаксилердің алғашқы сынақ ұшулары басталғанын мәлім етті, деп хабарлайды Malim.kz.

Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевтың айтуынша, жоба мамыр айында іске қосылады деп жоспарланған. Қазір соның алғашқы кезеңі жүзеге асып жатыр.

«Кеше ұшқышсыз әуе таксиі сынақ режимінде ұша бастады. Бұл жобаны мамыр айында іске қосамыз деп айтқан едік. Соның алғашқы ұшулары жүргізіле бастады», – деді министр Үкіметтегі брифингте.

Министр аэротакси бағасына қатысты нақты ақпарат әзірге жоқ екенін айтты. Оның сөзінше, бұл – әлем үшін де жаңа өнім, сондықтан нақты құнын есептеу әлі ерте.

Қазір аппарат 2-4 жолаушыны тасымалдау бойынша сынақтан өтіп жатыр. Сонымен қатар қону алаңдары салынып, қажетті құрылғылар сатып алынуда.

Көлік вице-министрі Талғат Ластаевтың айтуынша, сынақтан өтіп жатқан аппаратты қытайлық AutoFlight компаниясы шығарған. Оның ұшу радиусы – 250 шақырым, ең жоғары жылдамдығы – сағатына 200 шақырым.

Министрлік алдағы уақытта аэротакси жобасына қатысты нормативтік-құқықтық актілер Парламентке енгізілетінін мәлімдеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу