freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Александр Бублик Женевадағы турнирдің ширек финалына шықты

Спорт
Александр Бублик Женевадағы турнирдің ширек финалына шықты
ҚТФ

Жекелей сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Швейцарияда өтіп жатқан топырақ кортындағы ATP 250 турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Malim.kz.

Екінші айналымда әлемдік рейтингте 10-орында тұрған ұлттық құрама көшбасшысы литвалық Эдас Бутвиласпен (№253 ATP) шеберлік байқасты. Теннисшілердің өзара алғашқы кездесуі екі сетте 6:4, 6:3 есебімен отандасымыздың пайдасына аяқталды. Корттағы текетірес 1 сағат 20 минутқа созылды.

Енді Женевадағы жарыстың жартылай финалына шығу үшін Бублик франциялық Артур Риндеркнехпен күш сынасады.

Еске сала кетейік, Римдегі Мастерс турнирінен кейін Александр Бублик жекелей сында әлемнің ең үздік 10 теннисшісінің қатарына қайта оралған болатын.
 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу